Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда55330
Бір айда6355
Бір аптада1205
Кеше164
Тәулік75
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 386
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 199
электрондық ресурстардан - 183
өздігінен білім алу - 118
Дауыс бергендер саны: 1185
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Мектепшілік танымжорық
26-09-2022 18:30
Мектепшілік танымжорық
Мектепшілік танымжорық - өмірдегі ұмытылмас және ең жарқын сәттердің бірі. Осы танымжорық кезінде біз жаңа нәрсені үйреніп, достарымызбен және мұғалімдермен керемет уақыт өткізіп, туған жеріміздің табиғатын тамашалай аламыз. Біздің мектебімізде жоғары сынып оқушыларымен мектепшілік жорыққа шығу дәстүрі қалыптасқан. Әрине, біздің сыныбымыз бұл дәстүрді қолдай отырып,тату ұжым болып жиналып, танымжорыққа шықты.
5 сынып ата-аналарымен мектепішілік жиналыс
26-09-2022 18:14
5 сынып ата-аналарымен мектепішілік жиналыс
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығын қалыптастырып, баланың жаңа ортаға бейімделуі,қауіпсіз дамуы бағытындағы мәселелерді шешу мақсатында 5 сынып ата-аналарымен мектепішілік жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқу жүктемесі,сыныптардың бағыттары мен тереңдетілген пәндер, үйірмелер, мектептің оқу-тәрбие жоспары бойынша шаралар, “Оқуға құштар мектеп” т.б жобалар туралы толық ақпарат берілді.
“Еңбек - ер атандырады”
25-09-2022 19:27
“Еңбек - ер атандырады”
“Еңбек - ер атандырады” демекші елімізде Еңбек күнін атап өту дәстүрі қалыптасқан. Гимназия қызметкерлерінің орасан еңбегін бағалай отыра, атаулы күні қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт, құттықтаулар ұйымдастырылды. Ал оқушылары тазалау жұмыстарына белсенді қатысып, құрметін білдірді.
“Республикалық балалар оқуының” қалалық кезеңі
24-09-2022 18:18
“Республикалық балалар оқуының” қалалық кезеңі
Балалар жылына орай “Республикалық балалар оқуының” қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға қатысушылар отандық және шетел әдебиетін оқып, тест тапсырмаларына жауап беріп, эссе жазды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген келесі оқушылар: 3-4 сыныптар арасында Нұрланбек Мәди; 5-6 сыныптар арасында Ерсинова Асель; 7-8 сыныптар арасында Сабиганова Аружан; 9-10 сыныпьар арасында Ералиева Ақмаржан облыстық кезеңге жолдама алды.
“Денсаулық - зор байлық” Денсаулық күні
20-09-2022 18:25
“Денсаулық - зор байлық” Денсаулық күні
“Денсаулық - зор байлық” ұстанымы бойынша Денсаулық күні ұйымдастырылды. Оқушылар күнді таңғы жаттығумен бастап,түрлі спорттық сайыстармен жалғастырды. 3-4 сыныптарда “Көңілді сөре”; 5-7 сыныптарда футбол, пионербол, флорбол; 8-11 сыныптарда баскетбол, теннис, волейбол, нысанаға оқ ату, белтемірде тартылу сайыстары өтті. Жеңімпаз сыныптар,жеке көрсеткіштер бойынша жеңімпаздар дипломмен марапатталды.
«Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты қалалық байқау
20-09-2022 13:18
«Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты қалалық байқау
Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар бастамасын дамыту орталығы» КММ-сі, Ақсу қаласы мен ауылдық округтердің 10-11 сынып мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткізілген «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты байқау өтті. Аталмыш байқауда гимназияның 10-сынып оқушысы Мақсатхан Қымбат I орынға ие болды. Қымбатты жеңісімен құттықтаймыз!
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
12-09-2022 16:05
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
Қыркүйектің 9-11 күндері Баянауыл ұлттық паркінде дүниежүзілік туризм күніне орай өткен Павлодар облысының ашық чемпионатында Абай облысының (Семей қаласы) командалары, Павлодар, Экибастұз және Ақсу қалалары бақ сынасты. 9 клубтан 27 құрама командалары қатысты. Жарыс бірнеше бағытта өтті. Құтқару жұмыстары, жеке-командалық элементтері бар қашықтық кросс, поход бағыттарында ұйымдастырылды.
Хоббиден табысты бизнеске дейін
09-09-2022 15:08
Хоббиден табысты бизнеске дейін
Тамыз конференциясы аясында өткен "Хоббиден табысты бизнеске дейін" сәндік-қолданбалы шығармашылығының облыстық конкурсы көрмесінде гимназиямыздың технология пәні мұғалімі Гүлжазира Қабдылкәрімқызының жұмысы жүлделі 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Полиция қызметкерімен кездесу
05-09-2022 12:18
Полиция қызметкерімен кездесу
Оқу жылының басталуымен қатар Ақсу қаласы полициясы,тергеу бөлімінің бас тергеушісі Байболат Кәкім, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, құқықтарды қорғауға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер, қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасы, есірткі құралдарын тұтынудың денсаулыққа зиянды әсері туралы, сондай-ақ қылмыстың құрбанына айналмау және өз құқықтарын қорғауға қайда жүгінуге болатыны туралы дәріс оқыды.
Мұғалімдерді марапаттау
01-09-2022 11:34
Мұғалімдерді марапаттау
Гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Елубаева Мария Сейсеновна мен тарих пәнінің мұғалімі Идрисова Іңкәр Нышановна облыстық білім беру басқармасының марапатына ие болды. Құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, шығармашыл шәкірттер тілейміз!
1 қыркүйек Білім күні
28-08-2022 10:16
1 қыркүйек Білім күні
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Республикалық Абай оқуларының жүлдегері
18-08-2022 10:10
Республикалық Абай оқуларының жүлдегері
14-16 тамыз аралығында ұлы ақынның туған жерінде өткен республикалық Абай оқуларында гимназияның 11-сынып оқушысы орынды иеленді. Айта кетсек, Асем республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын ингері. Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада қатысушысы. Жетекшісі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Акмарал Еркеновна мен Әсемді жеңістерімен құттықтаймыз.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 78 соңғысы